Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМП Информатика каз 1 курс АЖ 1.doc
Скачиваний:
248
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
12.86 Mб
Скачать

2 Тапсырма

1) Үш абзацтан тұратын мәтін теріңіз, екі бағанға бөліңіз.

2) Төмендегі параметрлерді бетке орнатыңыз:

- бет бағдары: кітап беті түрі; өрісі: барлығы 1,5 см; парақ түсі: ақшыл көк;

3) Мәтін қаріппін өзгерту: бірінші абзац: әріптер өлшемі 14, Arial, К қаріпі, мәтін ені бойымен орналасады; екінші абзац: әріптер өлшемі 16, Comic Sans, Ч қаріп, мәтін центр ортада орналасады

4) Жоларалық интервал – 1,5

5) Абзацтан кейін аралық – 0

6) Бірінші параққа келесі ақпаратты орналастырыңыз: Тегіңізді, атыңызды, сынып, Өздік жұмыстың атын (Беттің фонына градиенттік құюды алыңыз)

7) Жұмыс үстелінде «Менің жұмысым» деген атпен файлды сақтаңыз.

3 Тапсырма

В деңгейінің 1-тапсырмасын пайдалана отырып, Беттерді бөлу (Разрыва страниц) батырмасының Баған (Столбец) пункті арқылы абзацтарын бірнеше бетке бөліңіз, мәтіндік сыртқы көрініс арқылы беттің фоның өзгертіңіз (мәтін орнына мәтіннің атауын пайдаланыңыз).

С деңгейі

1 Тапсырма

Экспресс-стильдер жиынтығын өзгерткеннен кейін стильдер жиынтығында жаңа стильдер жиынтығын сақтауға болады. Кез келген құжатты рәсімдегенде осы сақталған жаңа стильдер жиынтығын пайдалануға болады. Келесі команданы пайдалану арқылы өз бетінше экспресс-стильді сақтап көріңіз:

  1. БAutoShape 284AutoShape 285AutoShape 286асты (Главная) Стильдер Стильдерді Өзгерту (Изменить стиль) Стильдер жиынтығы (Набор стилей).

  2. Бағыныңқы мәзірден Экспресс-стильдер жиынтығы ретінде сақтаңыз (Сохранить как набор экспресс-стилей) командасын таңдаңыз.

  3. Экспресс-стиль жиынтығын сақтаңыз (Сохранение набора экспресс-стилей) терезесінде файл атауын жазыңыз.

2 Тапсырма

Тапсырманы орындау үшін кез келген үш беттен кем емес болатын құжатты алыңыз.

1. Кірістіру (Вставка) қосымшасының Мәтін (Текст) тобын пайдалана отырып, әртүрлі Надписи (Жазулар) кірістіріңіз

2. Стильдер, Көлемдер (Объемы) пайдалана отырып, Жазулар (Надписи) пішімдеңіз. Жазулардың фигурасын өзгертіңіз.

3. Стандартты блоктарды ұйымдастыру тобынан Жазулар (Надписи) алыңыз, мысалы жақша, наклейка.

4. Стандартты блоктардың Ұйымдастырушысын (Организатор) пайдалана отырып, төмендегі элементтерді кірістіру керек:

- артқы бетті;

· нөмірлеудің бір түрін алып, беттерді нөмірлеу;

· төменгі колонтитулге файл атын жазу; файлға титулдық бет қосу.

5. Құжаттың соңына Күн және уақыт өрісін және Құжаттың қасиеті (Свойства документа ) командасын пайдаланып Автор және электрондық мекен-жай өрістерін кірістіру керек.

6. Файлды өз фамилияңызбен сақтаңыз.

Негізгі әдебиет:

1.Жаңа ақпараттық технологиялар. Б.Бөрібаев, Е. Балапанов, Г. Мадьярова, Р. Дузбаева. Алматы 2009 ж “Ғылым” ғылыми баспа орталығы.

2. Информатика, М.Қ. Байжұманов, Л.Қ. Жапсарбаева Алматы 2009 ж.

3. “Есептеуіш техника және бағдарламалау”, О. Камардинов, Алматы – 2007 ж.

Қосымша әдебиет:

1. http://www.lina-trofimowa2012.narod.ru/34.ppt

Бақылау сұрақтары:

  1. MS Word мәтіндік редакторында стиль деген не?

  2. Стильдің негізгі түрлерін атаңыз.

  3. Экспресс-стильді қалай құруға болады?

  4. Стильдер тізімінде стиль таңбасы қалай белгіленеді?

  5. Стильдер тізімінде абзац таңбасы қалай белгіленеді?

  6. Құжаттарды қараудың қай тәртібінде стильдерді пайдалануға болады ?

  7. Бар стильге қалай өзгерістер енгізуге болады?

  8. *Стильдің басқа параметрлерін өзгертпей, тек стиль қаріппін қалай өзгертуге болады?

  9. * Стильдің басқа параметрлерін өзгертпей, тек стиль қаріптің түсін қалай өзгертуге болады?

  10. *Экспресс-стиль жиынтығына жаңа стильді қалай қосуға болады? Мысал келтіріңіз.

  11. Беттерді белгілеу (Разметка страницы) қосымшасы қандай функция атқарады?

  12. Беттің фоның қалай өзгертуге болады?

  13. Құжатқа қалай Артқы көріністі жасаймыз және ол не үшін қажет?

  14. Беттерді бөлу (Разрыва страниц) опциясы не үшін қажет?

  15. Абзац таңбасы бар батырма не үшін қызмет етеді ?

  16. Мәтінді бірнеше бағанға қалай бөлуге болады?

  17. * Бір құжатта бір-бірінен тәуелсіз бөлімдерді қалай пішімдеуге болады?

  18. *Бір құжатта беттерге әртүрлі бет бағдарын (кітап түрінде немесе альбомдық түрде) алуға бол ма және қалай? Түсіндіріп, көрсетіңіз

  19. * Беттердің параметрі (Параметры страницы) тақтасының «Өріс (Поле)», «Қағаз өлшемі (Размер бумаги)», «Қағаз көзі (Размер бумаги) » қосымшасы қандай функция атқарады?

  20. *Беттерді белгілеу (Разметка страницы) қосымшасы Беттердің параметрі (Параметры страницы) тақтасындағы қай өрістер екі жақты құжаттарда пайдаланылады?

Дәріс №8