Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМП Информатика каз 1 курс АЖ 1.doc
Скачиваний:
248
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
12.86 Mб
Скачать

Ақпараттық ресурстар

Ақпараттық ресурстар ұғымын тұжырымдаңыз

Ақпараттық ресурстар – анық ақпаратты алуға арналған мәліметтер жиынтығы

Бұл кітап, мақалалар, диссертациялар, ғылыми-зерттеу және тәжірибе-консрукторлық құжаттар, техникалық аудармалар, танымал өндіріс туралы мәліметтер және т.б. Ақпараттық ресурстар басқа ресурстарға қарағанда тез дамиды.

Қазіргі заманда экономиканың, ғалымның білімнің, мәдениеттің дамуы ақпараттық ресурстарға байланысты болғандықтан ғалымдар мен саясаткерлер ақпараттық ресурстарды маңызды стратегиялық ресурстар деп есептейді. «Ақпараттық ресурстар» жалпылама пайдаланатын терминдердің бірі, бірақ оған қарамастан нақты анықтамасы жоқ. Ақпараттық ресурстардың шағын пайдалануына компьютерлік құралдар байланысы арқылы қолжетімдік желілік ақпараттық ресурстар жатады, ал кең пайдалануына кез келген сақтауға және таратуға келетін ақпарат түрі жатады.

Ақпараттық ресурстар түрлері:

- жаппай ақпарат тарату құралдары (жаңалық және семантикалық сайттар, жаппай ақпарат тарату құралдарының электрондық нұсқасы);

- электронды кітапханалар;

- электронды мәліметтер қоры;

- сайттар, корпоративтік сайттар (Интернет-ресурстар және т.б.);

- сервистер (Яндекс, Рамблер және т.б.)

Ақпараттық ресурстар төмендегі белгілер бойынша бөлінеді, олар:

- мақсатқа бағытталу бойынша (жеке, корпоративтік, жаппай ақпарат құралдары, бизнес, білім, саясат, сервистер және қызметтер, мәдениет, чаттар, спорт, демалыс және т.б.);

- ұсыну тәсілі бойынша (Web-беттер, деректер қоры, файлдық серверлер, телеконференциялар);

- тасымалдаушы түрі бойынша (қатты көшірме, компьютерлер, дисктер);

- сақтауды және пайдалануды ұйымдастыру тәсілі бойынша (дәстүрлі тасымалдаушылардағы құжаттар, құжаттар массиві, мұрағат);

- мазмұны бойынша (тақырыптық ақпарат, ғылыми жарияланымдар, жарнамалық ақпарат, аныөтама ақпараттар, жаңылықтар).

Бұл қызық!

Адамдарға қоршаған алемдегі ақпаратты жеткізуге және сақтауға әрқашан қажет болды, соның арқасында ауызша сөйлеу, жазу, кітап басу, сурет өнері, радио, теледидар пайда болды. Адазат тарихында бірнеше ақпараттық революция болды. Өркениет тарихында бірнеше ақпараттық революция болды- ақпаратты өңдеу аясындаға болған тез өзгерітер себебінен.

Бірінші революция жазудың пайда болуынан, ол үлкен саналық және сапалық қадамға әкелді. Атадан балаға білімді жеткізуге мүмкіндік туындады.

Екінші революция (XVI ғ ортасы) кітап басудың пайда болуы, ол мәдениетті, индустралды қоғамды, жұмыстың басқаруды қайта дамытты. Үшінші революция (XIXғ. аяғы) электр тогынығ пайда болуымен байланысты, оның арқасына телеграф, талефон, радио пайда болды, үлкен көлемде ақпаратты сақтауға және жіберуге мүмкіндік берді. ХХ ғ ортасында пайда болып және сы күнге дейін дамыпжатқан жаңа дисциплина – кибернетика. Оны дүниеге акелген (1948 ж.) – амрикандық математик Норберт Винер. “Кибернетика” термині грек тілінде “басқару өнері” дегенді білдіреді. Машина мен жануар организімінің байланысын басқару деп кибернетиканы атады. Кибернетиканаң орталық түсінігін ақпарат деп айтты.

Төртінші революция (70-ші жж.. XX ғ.) микропроцессорлық технологиясы және дербес компьютерге байланысты болды.

ТӘЖІРИБЕЛІК ТАПСЫРМАЛАР:

А деңгейі

Интернет мүмкіндіктерін қолдана отырып, «Материялық-энергетикалық әлем бейнесі» тақырыбына хабарлама жазыңдар.

В деңгейі

«Ақпараттық жүйелерді міндеті және оларды қолдану бойынша жіктелуі» тақырыбына хабарлама жасау.

С деңгейі

8 әліппесімен жазылған мәтінде, 320 белгі бар. Олардың 40 «б» әріпі, 20 «г» әріпі. Әрбір әріптің ақпараттық салмағын, және осы әріппен жазылған ақпарат санын анықтандар.

Негізгі әдебиет:

  1. Жаңа ақпараттық технологиялар. Б.Бөрібаев, Е. Балапанов, Г. Мадьярова, Р. Дузбаева. Алматы 2009 ж “Ғылым” ғылыми баспа орталығы.

  2. Информатика, М.Қ. Байжұманов, Л.Қ. Жапсарбаева Алматы 2009 ж.

  3. “Есептеуіш техника және бағдарламалау”, О. Камардинов, Алматы – 2007 ж.

Қосымша әдебиет:

  1. http://imcs.dvgu.ru/lib/eastprog/revolutio

Бақылау сұрақтары:

  1. Ақпарат дегеніміз не?

  2. Техникадағы, қоғамдағы, тірі табиғаттағы ақпараттық процесстердің барлығын және бірлігін растайтын мысалдар келтіріңіз.

  3. Адамның ақпараттық қызметі жайлы не айтасыз?

  4. Адамнан адамға ақпаратты қандай түрде беруге болады, ол түрді таңдау неден тәуелді?

  5. Ақпарат беру үшін қандай құралдар қолданылуы мүмкін?

  6. Ақпаратты өлшеу тәсілдері туралы не айтасыз.

  7. Ақпаратты өлшеудің қандай өлшем бірліктерін білесіз?

  8. Күнделікті өмірде, өндiрiстiк белсендiлiкте материя және энергиямен қатар кездесетін ұғым?

  9. Қоршаған ортады адам қалай қабылдайды (ақпаратты қабылдайды)?

  10. Ақпараттық ресурстармен материялық ресурстардың айырмашылығы неде?

  11. Кандай ақпаратты ішкі, ал қандай ақпаратты оперативті деп атауға болады?

  12. Кандай ақпаратты сыртқы деп атауға болады? (адамға қатысты)

  13. Ақпараттық жүйелер дегеніміз не?

  14. Ақпараттық жүйелер калай жіктеледі?

  15. Ақпараттық ресурстар деген не?

  16. Ақпараттық ресурстар түрлерін айтыңыз.

  17. *Мәтінде 16 символ болсын. мәтінді 32-символдық алфавитті пайдалана отырып жазғанда ақпарат саның анықтаңыз.

  18. *Мәтінде 10 символ болсын. ASCII (3-қосымша) кодтауында мәтінді жазғанда ақпараттар саның анықтаңыз.

  19. * Ертеде телеграфтарда ақпараттар қалай кодталды және жіберілді?

  20. * «Сабақ» сөзін нөль және бірмен тізбектеп кодтағанда неше бит пайдаланады

Дәріс №2

Тақырыбы: Санау жүйелері. Бір санау жүйесінен басқа санау жүйесіне өту. Сандық және символдық ақпаратты беру әдістері. Ақпаратты кодтау. ASCII коды. Буль алгебрасы. Компьютердің логикалық элементтері. (2 сағат)

Жоспары: Санау жүйелері. Ақпаратты кодтау. ASCII коды. Буль алгебрасы. Компьютердің логикалық элементтері.

Мақсаты: Санау жүйелері, ақпаратты кодтау туралы түсінік беріп, кодты және бүтін санды түрлі санау жүйелерінде өрнектеуді үйрету. Буль алгебрасы, графтар және ағаштар ұғымдарына анықтамалар беру, компьютердің логикалық элементтерімен таныстыру.

Негізгі ұғымдар тізбесі: санау жүйелері, орныққан және орныққан емес санау жүйелері, ASCII код, логика, конъюнкция, дизъюнкция, логикалық көбейту, қосу.

Ғылыми-техникалық даму есептеуіш техниканың әртүрлерінің пайда болуына әкелді: электрондық есептеуіш машиналар, есептеуіш жүйелер, есептеуіш желілер. Олар бір бірінен құрылымын ұйымдастыру және функционалдық мүмкіндіктер арқылы айырылады.

САНАУ ЖҮЙЕЛЕРІ

Санау жүйелерінің түрлері

Санау жүйесi деп белгiлi бiр мөлшердегi таңбалардың көмегiмен сандарды өрнектеу мен жазудың жиынтығы. Кез келген санау жүйесінде сандарды көрсету үшін, базистік сандар деп аталатын бір таңбаларды алады (сөздер немесе таңбалар), ал қалғандары базистік сандарға бір операцияларды қолдану нәтижесінде табылады.

Санау жүйелері орныққан және орныққан емес болып екіге бөлінеді.

Орныққан емес санау жүйелерінде санның салмағы санның жазылудағы өз орынына байланысты емес. Бүл жүйеде 7 белгі қолданылады (I, V, X, L, С, D, М), олар келесі мәндерге сәйкес:

I(1) V(5) X(10) L(50) С (100) D(500) M(1000)

Мысалы: III (үш), ХХХII (отыз екі), LIX (елу тоғыз), DLV (бесжуз елу бес).

Орныққан санау жүйелерінде әрбір санның салмағы, санның жазылу орынына байланысты. Мысалы, 757,7 санында бірінші 7 жеті жүздікті білдіреді, екінші 7 бірліктерді, ал үшінші — бір бірліктің 7 ондық бірлігін білдіреді.

757,7 санының өзі келесі өрнектің қысқаша түрін білдіреді:

700 + 50 + 7 + 0,7 = 7 . 102 + 5 . 101 + 7 . 100 + 7 . 10—1 = 757,7.

Кез келген орныққан санау жүйесі өзінің негізімен мінезделінеді. Жүйенің негізі ретінде кез келген бүтін санды қабылдауға болады — екі, үш,төрт және т.б. Соңдықтан, орныққан санау жүйелерінің саны шексіз: екілік, үштік, төрттік және т.б.

Барлық q негізді санау жүйелерінде санның жазылуы келесі өрнектің қысқаша түрін білдіреді:

an-1 qn-1 + an-2 qn-2 + ... + a1 q1 + a0 q0 + a-1 q-1 + ... + a-m q-m,

мұндағы aiсанау жүйесінің сандары; n және m — бүтін және бөлшек разрядтардың саны.

Орныққан санау жүйесі

Орныққан санау жүйелерінің біреуі екілік жүйе. Бұл жүйеде санды бейнелеу үшін тек қана екі сан қолданылады: 0 және 1.

Екілік жүйеде сандарды бейнелеу мысалдары:

1=12 =1*20

2=102 =1*21+0*20

3=112 =1*21+1*20

4=1002 =1*22+0*21+0*20

Сегіздік және он алтылық жүйелер бар. Сегіздік және он алтылық жүйеде базистік сандар ретінде 0, 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7 қолданылады. Бұл жүйеде кез келген санның жазылуы оны сегіз санының дәрежелеріне бөлуде тұрады. Мысалы, 83,5 ондық сан сегіздік жүйеде 123,4 саны түрінде көрсетіледі. Ол келесідей жазылады:

1х82+2х81+3х80+4х8-1=64+16+3+4/8=83.5

Он алтылық жүйеде базистік сандар ретінде 0 ден 15-дейін сандар болады. Бірінші 0-ден 9-ға дейін сандар ретінде араб сандарын қолданады, ал қалған сандарды көрсету үшін латын әліпбиіндегі a, b, c, d, e, f әріптерін қолданады.

Мысал, 175,5 ондық сан он алтылық жүйеде AF,8 түрінде жазылады

10х161+15х160+8х16-1=160+15+8/16=175,5

Сандарды кез келген санау жүйесінен ондық жүйеге аудару

Ереже: Сандарды кез келген санау жүйесінен оңдық жүйеге аудару, орынына қою және санды сәйкес нөмірге дәрежеленген негізге көбейтінділерді қосу әдіс арқылы орындалады.

1) Бүтін сандарды аудару үшін келесі өрнек (1) қолданылады:

, (1)

Мұнда p – санау жүйесінің негізі;

a – сан (цифр);

n – жоғарғы разрядты нөмір;

0 нөмірлі разрядқа санның бүтін бөлігінің ең кіші разряды сәйкес.

Ондық жүйеге аударудың бірнеше мысалын қарастырайық.

1 мысал. Бүтін санды екілік жүйеден ондық жүйеге аудару.

1010102 =1х25 + 0х24 + 1х23 + 0х22 + 1х21 + 0х20 =32 + 8 + 2

1010102 =42

2 мысал. Бүтін санды сегіздік жүйеден ондық жүйеге аудару.

2568 =2х82 + 5х81 +6х80 =128+40+6

2568 =174

3 мысал. Бүтін санды он алтылық жүйеден ондық жүйеге аудару.

5АС16 =5х162 + 10х161 + 12х160 =1280 + 160 + 12

5АС16 =1452

2) Бөлшек сандарды аудару үшін 2-ші өрнекті қолданады

(2)

мұнда m – бөлшек бөлік негізінің дәрежесінің көрсеткіші, олар – 1 ден дейін теріс сандармен белгілінеді.

4 мысал. Бөлшек санды екілік жүйеден ондық жүйеге аудару.

101,112 = 1х22 + 0х21 +1х20 +1х2-1 + 1х2-2  = 4 + 0 + 1 + 0,5 + 0, 25

101,112 = 5, 7510