Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМП Информатика каз 1 курс АЖ 1.doc
Скачиваний:
248
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
12.86 Mб
Скачать

Бақылау сұрақтары:

  1. Іс жүргізу қандай салаларға қатысты болды?

  2. Қандай құрылғы XX ғасырдың аяқ кезінде мәтіндік құжаттарды дайындауда негізгі құрал болды?

  3. Мәтіндік құжаттарды қолдануда қанша негізгі бағыттарды білесіз?

  4. Іс-жүргізу деген не?

  5. Құжат айналымы деп нені айтады?

  6. Ғылыми әдебиет деп нені айтады?

  7. Ғылыми зерттеулердің нәтижелері қайда шығарылады?

  8. Жарнамалық қызмет деген не?

  9. Қандай мәтіндік процессорлар мәтіндік құжаттарды дайындауға арналған аса танымал орталар болып саналады?

  10. *Microsoft Word текстік процессорында құжатты тез ашу тізімін баптаңыз. Сол тізімде көрсетілген құжаттардың саны 10 тең болсын.

  11. *Баспа процессінде пергаменттін орнына кағаз келді ма?

  12. Терезенің сыртқы түрін баптау үшін, не істеу керек?

  13. Редакциялау тілін қалай баптауға болады?

  14. Үндемеу бойынша тіл қалай бапталады?

  15. Редакциялау қосымша тілдер қалай қосылады?

  16. Жеке ақпараттарды қалай құжаттың қасиетіне қосуға болады?

  17. Белгілеу тәртіптемесіне қалай өтуге болады?

  18. Оқу тәртіптемесіне қалай өтуге болады?

  19. Құрылым тәртіптемесіне қалай өтуге болады?

20. Черновик тәртіптемесіне қалай өтуге болады?

21. *Макет тәртіптемесіне қалай ауысуға болады?

22. *Құжаттың схемасы дегеніміз не?

Дәріс №7

Тақырыбы: Стильдер. Стильдерді ауыстыру, жаңа стиль құру. Беттерді белгілеу. (2 сағат)

Жоспары: Стильдер. Стильдерді ауыстыру, жаңа стиль құру. Беттерді белгілеу.

Мақсаты: Стильдерді ауыстырумен, жаңа стиль құрумен, беттерді белгілеумен таныстыру.

Негізгі ұғымдар тізбесі: стиль.

Стильдер. Стильдерді ауыстыру, жаңа стиль құру.

Құжаттармен жұмыс істеу барысында мәтінге әртүрлі көркемдеулер пайдалануға тура келеді. Мәтінге қажетті қаріп, абзац параметрлерін орнату қажет. Құжаттарды рәсімдеу жұмысын тездету үшін стильдерді қолдануға болады.

Стиль деген не?

Мәтіннің абзацтарын, кестелерін, тізім және таңбаларының сыртқы түсін дереу өзгертетін және оларға қолданылатын пішімдеу параметрлерін стиль деп атайды.

Стильдің негізгі типтері:

  • символ (таңба) стилі – символдарды пішімдейтін, оның ішінде қаріп, өлшем, абзац, аралық, қаріптердің сызылымы және орналасу параметрлерін қамтиды;

  • абзац стилі – абзацтың сыртқы түрін, яғни қаріп, мәтін туралануын, табуляция позициясын, жол аралықтарын, шегіністер параметрін анықтайды;

  • тізім стилі – ұқсас туралануды, нөмірлеу және маркерлер таңбаларын және барлық тізімдерге қаріптерді қолданады;

  • кесте стилі – жиектердің түрін, құюды, мәтін туралануын және қаріпті белгілейді.

Әр шаблонның өз стилі бар, жаңадан құрылған құжатқа сол стиль беріледі. Құжаттармен жұмыс істеу барысында:

  • стильдердің параметрлерін өзгертуге;

  • басқа шаблондардан және құжаттардан стильдерді қосуға;

  • жаңа стильдер құруға болады.

Стильдің ата болады. Әртүрлі шаблондар мен құжаттарда бір атауы бар стильдер әртүрлі көркемделуі мүмкін.

Стильмен жұмыс істеу үшін Басты (Главная) қосымша бетінің Стиль панелі пайдаланылады, ол тақтаде экспресс-стильдер бейнеленеді (8-сурет )

8-сурет Экспресс-стильдер тізімі терезесі.

Экспресс-стильдер тізімінен стильді пайдалану үшін:

- мәтін үзіндісін ерекшелеу;

- Стиль тобындағы стильдің графиктік түрінде ұсынылу жолында оң жақта төмен батырманы басу қажет (Стиль жолындағы батырманы басуға болады);

- пайда болған галереяда қажетті стильді таңдап, ерекшеленген үзінді тышқанның сілтемесі көрсетіп тұрған жердегі стильдің пішімдеуін қабылдайды

Стильдер тізімінде «а әріпі» мен стиль таңбасы, ал «¶» - таңбасымен абзац стилі белгіленген.

Таңдалған стильдің атауын өзгерткіңіз келсе, сәйкесінше тышқанның оң жақ батырмасын басып, контекстік мәзірден Атауын өзгерту (Переименовать) пунктін таңдау керек.

Ерекшеленген үзіндінің барлық параметрлерін қайтару үшін, галерея стилінде Стильді тазарту (Очистить стиль) батырмасын басу керек.

Экспресс-стильдер тізімінде жоқ стильді пайдалану үшін, қосымша параметрлері батырмасын басса, келесі терезе шығады (9-сурет)

9-сурет. Галерея стильдерінде стильді таңдау

Егер тышқанның сілтемесін таңдалған стильге бағыттасақ, ол стильді көре аламыз және де мәтін үзіндісі таңдалған стильмен бейнеленеді, бірақ құжаттың ерекшеленген үзіндісі бейнеленбейді. Стильді таңдағаннан кейін құжаттың үзіндісі тағы да ерекшеленеді, ал таңдалған стиль Басты (Главная) қосымша бетінде Стиль тобында бейнеленеді.

Еркін стильді таңдау үшін Стильдер тапсырмалар тақтасын пайдалануға болады.

  1. Стильдер тапсырмалар тақтасындағы Басты (Главная) қосымша бетіндегі Стильдер батырмасын басу керек.

  2. Стильдер тапсырмалар тақтасындағы қажетті стильді тышқанмен шертіңіз.

  3. Егер қажетті стиль тапсырмалар тақтасында бейнеленбесе, Параметрлер (Параметры) (10-сурет) сілтемесін тышқанмен шертіңіз.

  4. Стильдер тапсырмалар тақтасындағы Параметр терезесінде (Параметры области стилей)терезесінде ашылған Көрсетілген стильдер (Отображенные стили) тізімдер ішінен Барлығы (Все) тәртібін таңдаңыз (11-сурет)

Стильдер жиынтығын өздігінен де құруға болады.

10-сурет. Стильдер терезесі

11-сурет. Стильдер параметрлерінің аймағы