Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМП Информатика каз 1 курс АЖ 1.doc
Скачиваний:
248
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
12.86 Mб
Скачать

Жаңа программалық қамтамасыз ету

Linux (Линукс) – бұл бір атаулы ядроға негізделген Unix-тәрізді операциялық жүйелердің ортақ атауы.


Мұнда Linux ортақ атауы кез келген бір «ресми» құрамыны нақтыланбаған; олар әдетте (көбінесе ақысыз) әртүрлі дайын дистрибутивтер түрде таралады, өзінің қолданбалы программалар жиыны бар және қолданушының нақты қажеттіліктеріне байланысты бапталған.

Бастапқы кезде Linux ынтагерлер - өз еркімен келгендердің көмегімен ақысыз өңделген, бірақ Linux-тің сәттілігіне және оның жалпылай, коммерциялық қолдануына байланысты, ОЖ-ні соңына дейін өндеуге өзінің үлесін қосуды компаниялар да бастады. Қазіргі кездегі дистрибутивтерде қөптеген ПҚ бос лицензия бойынша қол жетімді, аз ғана проприетарлы компоненттерден басқа. Linux ядросының жинақталған өз бағасы 1 млрд евродан жоғары (1,4 млрд долл. шамасында) бағаланды.  Тек қана 2008 жылда Linux ядросының жинақталған өз бағасы 225 млн евроға өсті. Linux жүйесінде 73 мың адам-жыл эквивалентінде еңбек жасаған.

Қазіргі кезде Linux жүйелері смартфон нарығында басты орын алады (Android  64,1 % нарығын алады), интернет-серверлер (60 %), ең мықты суперкомпьютерлер (93,8 %), және де, Linux Foundation-ге байланысты, дата-орталықтарында және мекемелерде, кірістірілген жүйелердің нарықтың жартысын алады, нетбуктардың маңызды санын қамтиды (2009 жылда 32%).  Дербес компьютерлердің нарығында Linux үшінші орында тұр (әртүрлі мәліметтер бойынша, 1 ден 5 % дейін). Goldman Sachs зерттеулеріне орай, Linux нарық бөлігі электрондық құрылғыларлың арасында шамамен 42 % қамтиды. Linux роутерлерде, теледидарларда және ойын қосымшаларда жұмыс жасайды.

Роутер дегеніміз не?

Маршрутизатор кәсіби тілде роутер деп аталады.

Роутер (ағылшын тілде router, раутер немесе рутер) – бұл ең болмағанда бір желілік интерфейсі бар және мәліметтер пакеттерін желінің әртүрлі сегменттері арасында тасымалдайтын, арнайы желілік компьютер, әртүрлі архитектуралы желілерді байланыстыратын, администратормен берілген желінің топологиясы және анықталған ережелер туралы ақпарат негізінде тасымалдау бойынша шешімдерді қабылдайтын.


Ядродағы операциялық жүйелер тез дамуын жалғастыруда (мысалы, ядроның жаңа версиясы әрбір 2-3 ай сайын шығарылады, 2005 жылдан бастап ядроның өңдеуіне 800-ден астам әртүрлі компаниялардың 7800-ден үстем өңдеушілер қатысқан) және атағы өсіп келе жатыр (9 айдың ішінде 2011 жылдың мамырынан бастап 2012 жылдың қаңтарына дейін Linux-тың нарықта үлесі 64 % өсті). Linux-тың өзіндік дистрибутивтері әртүрлі компаниялармен шығарылады және бүкіләлемдік басқа да ынталармен, соның ішінде Ресейдың және Украинаның.

Қандай операциялық жүйелер ұялы телефондарда, планшетті компьютерлерде қолданылады?

Android (Андроид) – бұл коммуникаторларға, планшетті компьютерлерге, электрондық кітаптарға, сандық күйтабақтарға, қолсағаттарға, нетбуктар мен смартбуктарларға, Google көзілдіріктеріне және тағы басқа құрылғыларға арналған операциялық жүйе, Linux ядросында негізделген және Google-дан Java-ның өздік жүзеге асырылған.


2008 жылдың 23 қыркүйегінде Андроид операциялық жүйенің бірінші версиясы ресми түрде шықты. Платформаның бірінші версиясынан бастап жүйенің бірнеше жаңарулары шықты. Бұл жаңартулар жүйедегі табылған қателіктерді тузетуге және жаңа функционалды мүмкіндіктерді жүйеге қосуға қатысты.

2009 жылы жүйенің төрт жаңартуы ұсынылды. Ақпанда әртүрлі қателіктері тузетіліп 1.1 версиясы жарық көрді. Сәуірде және қыркүйекте Android 1.5 «Cupcake» және Android 1.6 «Donut» деген екі жаңа ОЖ шықты. 2009 жылдын қазанында платформаның Android 2.0 «Éclair» версиясы жарық көрді, және де кішігірім жаңартулардан кейін Android 2.1 «Éclair» аймағында ОЖ-де «тірі түс қағаздар» («живые обои») пайда болды, блокировка экраны өзгерілді.

2010 жылдың ортасында Google Android 2.2 «Froyo» ұсынды, ал 2010 жылдың соңында Android 2.3 «Gingerbread» пайда болды. «Froyo» жаңаруынан кейін Android операциялық жүйені смартфондарда қолдану мүмкіндігі пайда болды.

2011 жылдың 22 ақпанында көбінесе планшеттерге негізделген Android 3.0 «Honeycomb» платформасы ресми түрде ұсынылды.

2011 жылдың 19 қазаныңда планшеттерге де смартфондарға да арналған бірінші универсалды платформа Android 4.0 «Ice Cream Sandwich» жарық қөрды.

2012 жылдың тамызында Android 4.1 «Jelly Bean» ОЖ-ның версиясы пайда болды, сол жылдың қазанында кішігірім жаңартулармен Android 4.2 «Jelly Bean» платформасы ұсынылды.

2012 жылдың төртінші кварталында сатылған 70,1 % смартфондарында Android операциялық жүйесі орнатылды.

Mac OS (Macintosh Operating System) – бұл графикалық интерфейсі бар проприетарлық операциялық жүйелер жиыны.


OS X пен бірге әлемдегі екінші орындағы әйгілі операциялық жүйе (олардың ортақ нарықты бөлігі 2011 жылдың мамырында 5,4 %. құрады). Бұл Macintosh компьютерлеріне арнайы Apple корпорациясымен өңделген. Қазіргі кездегі операциялық жүйелердегі графикалық интерфейстің әйгілігі Mac OS-тың еңбегі деп жиі саналады.

Windows 8 – бұл Microsoft Windows ОЖ жиынына қатысты Windows 7-ден кейінгі  операциялық жүйе және Microsoft транс ұлттық корпорациямен өңделген.


2012 жылдың 26 қазанында сатылымға шықты. Әртүрлі мәліметтерге орай 2013 жылдың сәуірінде әлемде Интернет желісіне қолжеткізу үшін қолданатын операциялық жүйелердің арасында Windows 8-дың бөлігі 3,82 % құрды. Серверлік версия Windows Server 2012 болып табылады.

Windows 8, өзінің алдындағы шыққан Windows 7 және Windows XP операциялық жүйелерден айырмашылығы Modern (алдында - Metro) атты жана интерфейсті қолданады. Бұл интерфейс жүйенің қосылуынан кейін бірінші болып шығады; ол атқаратын кызметі бойынша жұмыс үстеліне ұқсайды - бастапқы экран қосымшалардың плиткаларынан тұрады (жарлықтарға ұқсас), оларды басканнан кейін қосымша қосылады, сайт немесе бума ашылады (мұнда плитка қандай элементке немесе қосымшаға байланғанына байланысты).

Сондай ақ жүйеде бөлек қосымша ретінде «классикалық» жұмыс үстеліде бар. «Пуск» менюінің орнына интерфейсте «активті бұрыш» қолданылады, оның басылуы старттық экранды ашады. Modern-интерфейстегі жылжыту горизонталды жүреді. Егер кішірейту амалын жасасақ (немесе экранның төменгі жағында минусты бассақ), барлық стартты экран көрінеді. Старттық экрандағы плиткаларды тасымалдауға және топтастыруға, топтарға атау беруге және плиткалардың өлшемін өзгертуге болады (тек қана алғашкыда үлкен болған плиткаларғана қолданылады). Экранның мүмкіндігіне байланысты жүйе плиткалар үшін жолдардың санын автоматы түрде есептейді, стандарты планшетті компьютерлерде плиткалар қатары үшеу. Стартты экранның түсі жаңа басқару панелінде түсі өзгертіледі, және артқы жақтағы орнаменте де өзгереді.

Windows 8 – бұл қайта қарастырылған Windows 7, және жұмыс үстелімен жұмыс істеу тәсілдеріде бірдей.